Australian Open-2025 турниріне қатысатын қазақстандық теннисшілер анықталды

309

Турнир 6-26 қаңтар аралығында Мельбурнде өтеді.

Australian Open-2025 турниріне қатысатын қазақстандық теннисшілер анықталды Фото: ҚТФ

Australian Open-2025 чемпионатының ерлер арасындағы жұптық жарыстарының негізгі тізімі белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қазақстанның атынан үш теннисшісі жарысқа барады: Александр Бублик, Александр Шевченко және Александр Недовесов.

Сайыста қазақстандық жұп Александр Бублик пен Александр Шевченко өнер көрсетеді. Ал Александр Недовесов голландиялық Робин Хаасемен бірге ойнайды. Хаасе 2013 жылғы Australian Open турнирінің финалисті болған.

Қазіргі чемпиондар Рохан Бопанна (Индия) мен Мэттью Эбден (Австралия) биыл титулын жұптасып қорғаудан бас тартты. Бопанна Николас Баррьентоспен, ал Эбден бельгиялық Йоран Флигенмен бірге ойнайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу