Australian Open: Александр Бублик алғаш рет төртінші кезеңгі шықты

88

Матчта Бублик 21 эйс жасап, өз геймін бірде-бір рет берген жоқ.

 Australian Open: Александр Бублик алғаш рет төртінші кезеңгі шықты

Бүгін Australian Open турнирінің үшінші айналымында Александр Бублик кортқа шықты.

Қазақстандық спортшының қарсыласы аргентиналық Томас Мартин Этчеверри (ATP №62) болды. Кездесу нәтижесінде Бублик үш сетте — 7:6, 7:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Матч 2 сағат 35 минутқа созылды.

Осылайша, Александр Australian Open–2026 турнирінің 1/8 финалына жолдама алып, келесі кезеңде аустралиялық теннисші Алекс де Минаурмен (ATP №6) кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін ол турнир барысында америкалық Дженсон Бруксбиді (ATP №48) және Венгрия өкілі Мартон Фучовичті (ATP №54) жеңген еді.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу