Australian Open. Анна Данилина финалда

1443

Қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте 28 саты жоғары көтеріліп, 25 орынға жайғасты.

Australian Open. Анна Данилина финалда

Анна Данилина Australian Open-2022 турнирінің финалына шықты. Жартылай финалда ол бразилиялық Беатрис Хаддад Майямен бірге осы жарыстың екінші нөмірлі ракеткалары болып тіркелген жапониялық Суко Аояма мен Эна Шибахарадан 6:4, 5:7, 6:4 есебімен жеңді.

Бірінші сетте қазақстандық-бразилиялық жұп қарсыластарынан 6:4 есебімен басым түсті. Ал екінші сетте бір ғана брейк-пойнт орындай алды. Бірақ бұл жеңіс үшін жеткіліксіз болды. Есеп 5:4 болғанда Данилина мен Майя матч-пойнт иеленді. Дегенмен жапониялық теннисші қыздар жеңісті қолдан бермей, екінші сетті өз еншілеріне жазды. Соңғы кезеңде Анна мен Беатрис жапониялықтардың осал тұсын тауып, шешуші сетте 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 21 минутқа созылды.

Ал тағы бір жартылай финалдық кездесуде Барбора Крейчикова (Чехия) мен Катержина Синякова (Чехия) жарыстың үшінші нөмірлі дуэті Вероника Кудерметова (Ресей) мен Элиза Мертенспен (Бельгия) кездеседі. Жеңімпаздар Анна мен Беатриске қарсы өнер көрсететін болады.

Қазіргі таңда Данилина жұптық сайыстардың рейтингінде 25-орынға көтерілді. Егер ол Australian Open-2022 турнирінде жеңіске жетсе, әлемнің 15-ші ракеткасы болады. Турнир алдында қазақстандық WTA әйелдер арасындағы жұптық рейтингте 53-орынға тұрақтаған болатын. Енді бірден 28 саты жоғары көтеріліп, сенсация жасады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу