Australian Open: Анна Данилина келесі айналымға жолдама алды

120

Қазақстандық-сербиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Australian Open: Анна Данилина келесі айналымға жолдама алды Фото: ҚТФ

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 14-ракеткасы Анна Данилина Аустралия ашық чемпионатының үшінші айналымына шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Жарыстың 7-ракеткасы болып тіркелген А.Данилина сербиялық Александра Круничпен бірге екінші айналымда аустралиялықтар, бұрынғы ресейліктер Дарья Касаткина – Арина Родионованың мысын басты.

Қазақстандық-сербиялық жұп 6:3, 6:4 есебімен жеңіске жетті.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсекеде Данилина – Крунич 2 эйспен бірге 12 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Касаткина – Родионова 1 эйс, 3 брейктен (8 брейк-пойнт) аса алмады.

Анна Данилина – Александра Круничтің келесі қарсыластары кейін белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу