Ол алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингіде 293-орында тұрған 16 жастағы аустралиялық Эмерсон Джонспен шеберлік байқасты.
Бұл жасөспірімдер арасында ITF рейтингісінде бірінші орында тұрған Э.Джонстың "Үлкен дулыға" турниріне алғаш қатысуы еді.
Еленаға бастапқы сетті аяқтауға 26 минут уақыты кетті – 6:1.
Екінші сетте есеп 1:1 болған мезетте қарсыласының қателігін пайдаланған Рыбакина брейкке қол жеткізді. Матчты тағы бір брейкпен тәмамдады – 6:1.
Небәрі 54 минутқа созылған бәсеке барысында Рыбакина 11 эйспен бірге 7 брейк-пойнттың бесеуін пайдаланды. Джонс эйс те, брейк те жасай алған жоқ.
Елена Рыбакина үшінші айналымға шығу үшін әлемнің 191-ракеткасы, 17 жастағы америкалық Ива Йовичпен таласады.