Теннистен әйелдер арасында 14-18 қаңтарда өтетін Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қазақстанның көшбасшы теннисшісі Елена Рыбакина жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" турнирінде үшінші ракетка болып тіркелді.
Елена алғашқы айналымда жеребеге сәйкес әлемнің 37-ракеткасы, чехиялық Каролина Плишковамен кездеседі. Одан өтсе, испаниялық Кристина Буча немесе ресейлік Анна Блинкованың біреуімен жолығады.
Қазақстанның екінші, әлемнің 64-ракеткасы Юлия Путинцева іріктеу сайыстары жеңімпаздарының бірімен шеберлік байқасады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу