Australian Open турниріне қатысатын қазақстандық теннисшілердің есімдері белгілі болды

259

Турнирдің жүлде қоры 43 608 375 долларды құрайды. 

Australian Open турниріне қатысатын қазақстандық теннисшілердің есімдері белгілі болды

2026 жылғы Аустралия ашық чемпионатына қатысатын қазақстандық теннисшілердің есімдері белгілі болды. Әйелдер арасындағы негізгі кезеңде Елена Рыбакина (әлемнің 5-ракеткасы), Юлия Путинцева (№71) және турнир ұйымдастырушыларынан Wild Card алған Зарина Дияс (№283) өнер көрсетеді.

Ерлер арасында Александр Бублик (әлемнің 11-ракеткасы) және Александр Шевченко (№95) қатысады.

Маусымдағы алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі 12 қаңтар мен 1 ақпан аралығында Мельбурн қаласында өтеді.

Australian Open-нің қазіргі жеңімпаздары – италиялық Янник Синнер мен америкалық Мэдисон Киз екенін айта кетейік. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу