Қазақстандық теннисші екінші айналымда әлемнің 60-ракеткасы, франциялық Эльза Жакемомен ойнады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бірінші партияда Путинцева айқын басымдылық көрсетті – 6:1.
Екінші сетте де сол қарқынынан танған жоқ – 6:2.
Бір сағат 14 минутқа созылған бәсекеде Путинцева 6 брейк-пойнттың бесеуін мүлтіксіз пайдаланды. Жакемо 1 эйс, 1 брейкпен (7 брейк-пойнт) шектелді.
Юлия Путинцева төртінші айналымға өту үшін әлемдік рейтингіде 112-де тұрған түркиялық Зейнеп Сонмезбен таласады. Ол бастапқы кездесуінде сенсация жасап, әлемнің 11-ракеткасы, ресейлік Екатерина Александрованы 7:5, 4:6, 6:4 есебімен ұтты. З.Сонмез "Үлкен дулыға" турнирінде қарсыласын жеңген алғашқы түркиялық теннисші атанды. Зейнеп бүгін әлемнің 74-ракеткасы, мажарстандық Анна Бондарьды қапы қалдырды – 6:2, 6:4.
Юлия Путинцева өткен жылы үшінші айналымға дейін жеткен еді.