Australian Open: Жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты

634

Қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.

Australian Open: Жасөспірімдер арасында Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты Фото: ktf.kz

Аустралия ашық чемпионатында жасөспірімдер арасында қазақстандық Әмір Омарханов үшінші айналымға шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Бастапқы кездесуінде жарыстың 1-ракеткасы, италиялық Федерико Чинаны ұтып, сенсация жасаған 16 жастағы қазақстандық теннисші екінші айналымда ұлыбританиялық Виктор Фридрихпен шеберлік байқасты.

Бірінші партияда ұлыбританиялық 6:3 есебімен басымдық танытты.

Есесіне екінші сетте тай-брейкте Әмір сәтті ойнады — 7:6 (8:6).

Шешуші, үшінші партияда Ә.Омарханов 5:3 есебімен алға шықты.

Ақыры матчты тағы бір брейкпен түйіндеді — 6:3.

Тартысты матч 2 сағат 13 минутқа созылды.

Қарағанды теннис мектебінің түлегі ширек финалға шығу үшін доданың 14-ракеткасы, оңтүстіккореялық Хён Киммен таласады.

Тағы бір қазақстандық, 17 жастағы Асылжан Арыстанбекова аустралиялық Талья Кокиниске жол беріп, алғашқы айналымнан аса алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу