Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды

796

Елена Рыбакина жұптасып өнер көрсетуді жақсы көріп қалған сыңайлы. 

Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жұптық сында Аделаида 2 (Аустралия) WTA 500 турнирінің финалына шықты. Елена ресейлік Анастасия Павлюченковамен бірге жартылай финалда жарыстың үшінші ракеткалары, украиналық Людмила Киченок – латвиялық Елена Остапенкомен шеберлік байқасып 6:4, 7:5 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Рыбакина спорттық мансабында жұптық сындағы екінші рет WTA финалына жолдама алды. 

Олар соңғы бәсекеде чехиялықтар Мириам Колодзьежова – Маркета Вондроушова немесе бразилиялық Луиза Стефани – америкалық Тэйлор Таунсенд жұптарының қай жеңгенімен бас жүлдені сарапқа салады.

Жылдың алғашқы "Үлкен дулыға" турнирі – Аустралия ашық чемпионатының жеребесі тартылды. Жекелей сында қазақстандық теннисшілердің қарсыластары анықталды. Қазақстанның бірінші, әлемнің 23-ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда дүниежүзілік рейтингте 67-орында тұрған италиялық Элизабетта Коччаретомен шеберлік байқасады. Рейтингте 51-сатыдағы Юлия Путинцева әлемнің 43-ракеткасы, румыниялық Сорана Кырстямен кездеседі. Ерлер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің 36-ракеткасы Александр Бублик рейтингте өзінен төрт саты жоғары тұрған испаниялық Алехандро Давидович-Фокинадан өтуге тырысып көреді. Қазақстандық спортшылардың жұптық сындағы қарсыластары кейін белгілі болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу