Аутсайдерлердің айқасы

981

11-тур ойындарынан жанкүйерлер нендей қызық күтеді?

Аутсайдерлердің айқасы

Қазақстан премьер-лигасының кезекті турында біршама қызықты матчтар бар. Алғашқы жарыс күнінде "Ақсу" мен "Жетісу" кездеседі. Осы ойынмен турдың шымылдығы түріледі. Павлодарлық команда қазір турнирлік кестенің түбінде. Артынан санағанда екінші тұр. Небәрі 4 ұпайы бар бұл команда өз алаңында қалай да ұпай алуға тырысады. Ал Талдықорған қаласының "Жетісу" командасы" бапкер ауыстырып бәлеге ұшырады. Тәп-тәуір ойнап жүрген команданың бапкерін ауыстырған басшылық, жанкүйерлер тарапынан сынға ұшырады. Соңғы екі ойында "Жетісу" қарсылас қақпасына 1 ғана соққы жасапты. Соңғы матчта олар өз алаңында 0:3 жеңіліп қалды. "Атырау" ойнағысы келмеген "Жетісудан" айласын оп-оңай асырып кетті. Демек, ертеңгі кездесуде "Ақсу" ұпай еншілеуі бпек мүмкін. Тіпті жеңіп кетіп жатса таңқалмаңыз.

Екінші ойын "Каспий" мен "Шахтер" арасында өтеді. Ақтаулық команда өз алаңында матчтар өткізе бастағалы бері сүбелі ойынымен көзге түсіп жүр. Македониялық бапкер команда ойынын жақсартып, нәтиже бере бастады. Осы ойында алаң иелерінде басымдылық болатыны сөзсіз. Ал "Шахтер" өткен турда "Ақсуды" ұтып, бір көтеріліп қалды. Десе де, кілең жастардан құралған қарағандылық "Шахтер" осы ойында керекті нәтижесіне қол жеткізе алмайтындай. Біздің болжам бойынша, алаң иелері жеңіске жетуі тиіс.

Үшінші матчта "Мақтаарал" мен "Қайрат" ойнайды. Қайрат Нұрдәулетов баптайтын "Мақтаарал" үшін қазір кез келген ұпай маңызды. Ең соңғы орында келе жатқан бұл командаға қазір тіпті, соғылған голдың өзі мереке. Бір ғана жеңісі бар жетісайлықтар "Қайратқа" қарсы тұра алмас. Соңғы ойында өз алаңында "Қайсарға" жеңілген алматылық ұжым осы жолы барын салып көрмек. Демек, қонақтар қанжығасы майланайын деп тұрғандай. Ал одан кейінгі матчтар жексенбі күніне жоспарланған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу