Ауыл мен қала дәрігерлерінің жалақысы қандай екені белгілі болды

2836

Елімізде 81 мың дәрігер бар.    

Ауыл мен қала дәрігерлерінің жалақысы қандай екені белгілі болды Фото: egemen.kz

Республикада дәрігерлердің 4864 штаттық бірлігі бойынша тапшылық байқалады. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрлігінің редакцияның ресми сауалына берген жауабында айтылған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Министрлік 2020 жылдан бастап 2023 жылды қоса алғанда медициналық қызметкерлердің жалақысы кезең-кезеңімен, яғни жыл сайын арттырылғанын хабарлады. Атап айтқанда, дәрігерлердің жалақысы 30%-ға, орта медициналық қызметкердікі 20%-ға өскен.

"Дәрігердің орташа жалақысы – шамамен 401,5 мың теңге (1-санатты, жұмыс өтілі 13-16 жыл), оның ішінде ауылда – 445,5 мың теңге, ал қалада – 357,5 мың теңге", - делінген ведомство жауабында.   

№ 1193 ҚРҮҚ бойынша

  2020 ж

   2021 ж

  2022 ж

 2023-2025 ж

 жалақы

 жалақы

 өсім

 жалақы

 өсім

 жалақы

өсім

 Дәрігер (еңбек өтілі 13-16 жыл, 1 санатты)

 орташа

178,1

239,3

34%

310

30%

401,5

30%

 қала

159,2

213,3

34%

276,1

30%

357,5

30%

 ауыл

197

265,3

34%

343,9

30%

445,5

30%

Министрліктің ақпаратына сүйенсек, жалақыны жыл сайынғы индекстеу заңнамамен көзделмеген. Денсаулық сақтау саласындағы 95%-дан астам ұйымдар шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын ретінде жұмыс істейді.

"Мемлекеттік мүлік туралы" заңға сәйкес, шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындар еңбекақы төлеу нысандарын, штат кестесін, лауазымдық айлықақылардың мөлшерін, сыйақы беру және өзге де сыйақы жүйесін белгіленген еңбекақы төлеу қоры шегінде кәсіпорын дербес айқындайды. Осыған байланысты, шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорын өзінің қызметкерлеріне жалақыларын қаржылық мүмкіндіктеріне қарай дербес көтере алады", - деп хабарлады ДСМ.

Қызметкерлердің жалақы мөлшері жұмыскердің біліктілігіне, орындалатын жұмыстың күрделілігіне, санына және сапасына, сондай-ақ еңбек жағдайларына қарай сараланып белгіленетіндігін және меншік нысанына байланысты әртүрлі болуы мүмкін екендігін ескере отырып, жоғары жалақы алатын дәрігерлерді нақты атап көрсету мүмкін емес. Сондай-ақ, жалақы мөлшері өңірлер бойынша да осы факторларға байланысты әртүрлі болады, дейді министрлік.

Қазақстанда 81 256 дәрігер еңбек етіп жатыр

"2023 жылдың қорытындысы бойынша дәрігерлер тапшылығы – 4864 штаттық бірлік. Тапшылық келесі бейінді мамандар бойынша көбірек байқалады: терапевт (364,25), жалпы практика дәрігері (290,5), акушер-гинеколог (253,25), анестезиолог-реаниматолог (225), хирург (210,5), дәрігер-лаборант (189,5), педиатр (184,25). 2024 жылдың қорытындысы бойынша ресми статистикалық деректер биылғы сәуірде қалыптастырылады", - делінген ресми жауапта.

      Аймақтар

   2023 жылдың қорытындысы бойынша

                Дәрігерлер тапшылығы

1

 Абай облысы

61

2

 Ақмола облысы

406

3

  Ақтөбе облысы

116

4

  Алматы облысы

53

5

 Атырау

150

6

  ШҚО

157

7

 Жамбыл облысы

168

8

 Жетісу облысы

222

9

 БҚО

228

10

 Қарағанды облысы

131

11

 Қостанай облысы

393

12

 Қызылорда облысы

113

13

 Маңғыстау облысы

280

14 

 Павлодар облысы

109

15

 СҚО

377

16

 Түркістан облысы

245

17

  Ұлытау облысы

223

18

  Астана қаласы

702

19

 Алматы қаласы

497

20

  Шымкент қаласы

234

                       Барлығы:

4864

Ауылда жұмысқа орналасуды және тұруды ынталандыру үшін жас мамандарға тұрғын үй сатып алуға немесе салуға әлеуметтік қолдау ұлғайтылды:

  • ауданның әкімшілік орталықтары болып саналатын ауылдық елді мекендерге келген мамандар үшін 2 500 АЕК-тен аспайтын сомада;
  • ауылдық елді мекендерге 2000 АЕК-тен аспайтын сомада.

Сондай-ақ 100-еселенген АЕК-ке тең сомада көтерме жәрдемақы да қарастырылған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу