2024 жылдың қорытындысы бойынша сою салмағында 430,0 мың тонна ІҚМ еті өндірілді. Бұл 2023 жылмен салыстырғанда 7,5%-ға артық. Осы кезеңде өңделген өнімдер 270 мың тонна етті құрады.
Жалпы жүргізіліп жатқан жұмыс ет өндірісінің өзіндік құнын төмендетуге бағытталған, оған күрделі шығындарды барынша азайта отырып, технологияларды енгізу есебінен қол жеткізіледі.
"Атап айтқанда, австралиялық тәжірибе бойынша алдағы 2 жылда 98 мың ірі қара мал басына 6 бордақылау алаңын, 50 мың ірі қара малға арналған ірі бордақылау кешенін және бірінші мамандандырылған мал биржасын салу жоспарлануда", – деп жазылған хабарламада.
Ведомствоның мәліметінше, бағаның өсуі көптеген факторға байланысты. Олардың қатарында қазақстандық өндірушілердің етіне көрші елдердің сұранысы артып отырғаны да бар.
"Мәселен, 2024 жылдың қорытындысы бойынша сиыр етінің экспорты 8,0 мың тоннаға артып, 20,0 мың тоннаға жетті. Өндірілетін өнімді өткізудің тұрақты нарықтарының және қолайлы баға конъюнктурасының болуы саланы одан әрі дамытудың негізгі факторы болып табылады", – деп хабарлады министрлік.
Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылдың 26 қазанынан бастап, тірі ірі қара малды (бұқашықтарды) әкетуге квоталау түріндегі сандық шектеулер қолданылады. Бұқашықтарды әкетудің сандық лимиті 85 000 басты құрайды.
Бүгінгі таңда 70 379 квота немесе 82,7% (етке аударылғанда 10 мың тоннадан астам) игерілді. Аналық малды әкетуге толық тыйым салынған.
Қазіргі уақытта министрдің бұйрығымен етті мал шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелерін талқылау және шешу жөніндегі жұмыс тобы құрылып, жұмыс істеуде.