Ауыл шаруашылығы саласындағы табыс елдегі орташа айлықтың жартысына жетпей тұр

2844

Ауыл шаруашылығы жұмысшылары елдегі орташа айлықтан қарағанда табысты екі есе аз табады. 

Ауыл шаруашылығы саласындағы табыс елдегі орташа айлықтың жартысына жетпей тұр

Тіпті балық шаруашылығы саласындағы қызметкерлер айлықты аталмыш көрсеткіштен үш есе аз алады, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы energyprom.kz зерттеуіне сілтеме жасап.

Жалпы елде ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы саласындағы кәсіпорындардың саны қатарынан сегізінші жыл артып келе жатқанын атап өту керек.

Кейінгі жылы олардың саны 9,5%, яғни 15,3 мың компанияға дейін көбейген. Осы жылдың алғашқы тоқсанында бұл салаларда тізім бойынша 69,5 мың адам еңбек еткен (+0,9%).

"Сектордағы жұмысшылардың көбі өсімдік және мал, аң шаруашылығы саласында жұмыс істейді. Бұл салаларда алғашқы тоқсанда еңбек еткен адамдардың саны 56,6 мың адамды құраған. Тағы 2,1 мың адам орман шаруашылығы мен ағаш дайындау ісімен айналысса, 0,4 пайызы ғана балық шаруашылығы саласында жұмыс істеген", - делінген зерттеуде.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек ететін жұмысшылардың көбі Қостанай (13,2 мың адам), Солтүстік Қазақстан (10,2 мың адам) және Ақмола (8,5 мың адам) облыстарында тіркелген. Қалған өңірлерде олардың саны 0,5 мың мен 6 мың адамның аралығында болып отыр. 

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек ететін жұмысшылардың табысы 2021 жылдың алғашқы тоқсанында 116,1 мың теңгені құрады. Бұл көрсеткіш – елдегі орташа айлықтан екі есе аз.

Қазақстанда орташа айлық жалақы 15,2% өскенімен, ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында бар-жоғы 10,4% көбейген.

Ауыл, орман және балық шаруашылығы саласында еңбек ететін жұмысшылардың сатып алу қабілеті бір жылда 2,9% өсті. Қазақстанда бұл көрсеткіш орташа есеппен бір жылда 7,4% артқанын атап өту керек. Бұл ретте агроөнеркәсіп кешенінде сатып алу қабілеті өсімдік және мал шаруашылығында ғана байқалғанын атап өту керек.

Агроөнеркәсіп кешенінде ең жоғары айлықты орман шаруашылығы мен ағаш дайындау ісі саласындағы жұмысшылар алады. Олардың орташа айлығы 127,3 мың теңге. Одан кейінгі орындарда өсімдік пен мал шаруашылығы, аң шаруашылығы тұр.

Бұл салада еңбек ететін азаматтардың бір айдағы орташа табысы 115,9 мың теңгеге жеткен. Ал балық шаруашылығының қызметкерлері бар-жоғы 81,1 мың теңге тауып, агроөнеркәсіп саласындағы табысы аз қызметкердердің аутсайдері болып отыр.

Аян Бекенұлы
 


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу