Ауылдағы төрт түлік жаппай уланып жатыр

3018

Ветеринарлық дәрігерлер алаңдауға негіз жоқ екенін айтады. 

Ауылдағы төрт түлік жаппай уланып жатыр

Павлодар облысы Успен ауданы Воскресенка ауылының тұрғындары дабыл қағып отыр. Жайылымда жүрген ірі қаралардың ішкі органдары "күйіп" жатқан көрінеді, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Инстаграм желісіндегі жергілікті аккаунттардың бірінде тұрғындар тарапынан түскен шағым жарияланды. Воскресенка ауылының жұртшылығы қорадағы малының қырылудың шақ алдында тұрғанын ашына жазды.

 "Адамдар сол төрт түліктің есебінен күн көріп отыр. Ал ауылда ірі қаралардың ауруына байланысты карантин жарияланды. Сүтті ешқайда өткізе алмай отырмыз. Етін де сатуға болмайды. Көбінің несиесі, қарызы бар. Енді не істейміз? Ауылдық округ әкімі бұл мәселеге назар аударар емес", – деп шағымданды ауылдықтар.

Бұған қатысты Павлодар облыстық ветеринария басқармасының өкілдері жауап берді. Мамандар ауылға барып, ірі қараларды тексерген екен.

"Бүгінде ауруға шалдыққан 72 бас анықталды. Олардың барлығында сырқат белгілері бірдей. Алдын ала диагноз бойынша, ірі қаралар уланған болуы мүмкін. Тұрғындар айтқандай, "тілдері түсіп, іштері күйіп" жатқан жоқ. Ірі қаралардан алынған сараптамалар облыстық ветеринарлық зертханаға жолданды",– делінген басқарманың ресми жауабында.

Мамандар жайылымдық жерлерден пестицидтерден босап қалған пластикалық ыдыстар табылғанын айтты. 

Сондықтан қазіргі уақытта төрт түлікті жайылымға шығаруға тыйым салынды.

Ажар Дәулетова


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз ! 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу