Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі мемлекет мүддесі тұрғысынан қабылдануы қажет

1938

Президент ұлтты ұйыстыратын 7 қағиданы атады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі мемлекет мүддесі тұрғысынан қабылдануы қажет

Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауында кандидатурасын қолдау жөніндегі халықтық коалиция форумында сөйлеген сөзінде елді біріктіретін негізгі қағидаларды атап өтті, деп жазады inbusiness.kz.

"Мемлекет мүддесі – қастерлі құндылық. Ауылдан Ақордаға дейінгі шешімнің бәрі осы тұрғыдан қабылдануы қажет. Бір сөзбен айтсақ, әр істе мемлекеттік ұстаным болуы керек. Мемлекет мүддесі дегеніміз – халықтың мүддесі. Сондықтан барлық шешімдер, жобалар, заңдар мен жарғылар ел мүддесін қорғауға арналады. Туған елге жанашырлық әр азаматқа тән қасиет болуға тиіс", – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев тәуелсіздікті қорғау және оны нығайту, жеріміздің тұтастығына, заңдылық пен тәртіп, жасампаздық, достық пейіл секілді қағидаларға тоқталды.

Сонымен қатар Президент елде этносаралық татулықты сақтауға шақырды.

"Қазақстанда түрлі этнос өкілдері өмір сүріп жатыр. Олардың мақсаты – бір, болашаққа деген көзқарасы – ортақ. Бәріміз – бір елдің азаматтарымыз. "Әралуандық арқылы – бірлікке" қағидаты ешқашан өзектілігін жоғалтпайды. Біз этносаралық татулықты сақтай білуіміз керек. "Қазақстан азаматы" деген ұғым жалпыұлттық бірегейліктің өзегі болуы қажет. Сонда біртұтас ұлт ретінде келешекке сеніммен қадам басамыз", – деп атап өтті ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу