Ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлінеді

Фархат Әміренов Фархат Әміренов
2355

Бұл қадам жастарды ауылда ұстап тұруға мүмкіндік береді деген сенім мол.

Ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлінеді

"Нұр Отан" партиясының ХVІІІ съезіне қатысып жатқан Нұрсұлтан Назарбаев 2019-2021 жылдары ауылдарды дамытуға 90 млрд теңге бөлуді тапсырды. Бұл қадам жастарды ауылда ұстап тұруға мүмкінді береді деген сенім мол.

"Ауылдарды өсім нүктелеріне айналдыруымыз керек. Әрбір ауылда қандай да бір жұмыс орнын ашу керек. Ол үшін микронесиелер бар. Жұмыс берсек, тұрғындар ауылда қалады. Мүмкіндіктер мол. Тек нақты жұмыс істеу керек. Баспана мен жол салып, әлеуметтік нысандарды тұрғызып, шағын және орта бизнесті дамыту керек. Ауылдың өз әлеуеті бар. Елімізде үлгілі ауылдар жетерлік", – деді президент.

Бұл ретте, елбасы үкіметке "Ауыл – ел бесігі" арнайы жобасын жүзеге асыру үшін ұсыныстарды әзірлеуді тапсырды.

Фархат Әміренов

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу