Ауылшаруашылық кооперациясының дамуы: әзірге сан ғана бар

Ирина Севостьянова Ирина Севостьянова
2179

Ауылшаруашылық кооперативтерін құру жылдамдығы рекордтық көрсеткішке жетті деуге болады, бірақ бұл кооперациялардың сапасы әзірге белгісіз.

Ауылшаруашылық кооперациясының дамуы: әзірге сан ғана бар

Қазақстанда ауылшаруашылық кооперациялары қарқынды жылдамдықпен құрылып келеді. Ауыл шаруашылығы министрлігінің ауыл шаруашылығы кооперациясы департаменті директорының орынбасары Нұрболат Мақашев баспасөз мәслихатында атап өткендей, жыл басынан бастап 1 тамызға дейінгі аралықта елде 517 ауылшаруашылық кооперативі құрылды. Бұл 2017 жылы 467 кооператив құрамыз деген ауыл шаруашылығы министрлігінің жоспарынан да асып түсті.

Жаңа құрылған кооперативтер салалар бойынша былайша бөлінді: 173 – сүт дайындау бойынша, 281 – ет өндіріп, дайындау бойынша, 41 – жеміс-көкөніс дайындау бойынша, екеуі – ара өсіріп, бал өндіру бойынша, төртеуі – құс асырап, сою бойынша, төртеуі – қарқынды бақша шаруашылығын жүргізу бойынша, екеуі – түйе сүтін дайындау бойынша және үшеуі – тауарлық балық өсіру бойынша. Одан бөлек 30573 ірі қара мал басын (4,7 мың тонна сиыр еті) бордақылау үшін 1835 мал семірту орны жасалды.

Министрліктегілер бұл кооперативтердің құрылғанын, тіпті оның 141-і жұмысты бастап кеткенін, ал қалғаны жабдық сатып алу үшін қаржы алу үстінде екенін айтып сендірді. Ең қызығы, жарты жыл бұрын ғана министрліктегілер облыс әкімдерінің есептерінде құрылған ауылшаруашылық кооперативтерінің саны бойынша жалған ақпараттың анықтағанын мәлімдеген болатын (құрылған 157 коопреативтің төрттен бір бөлігі жалған есеп болып шықты).

Әзірге жұмыс істеп тұрған кооперативтердің экономикасы туралы да ақпарат жоқ. Нұрболат Мақашев тек сандық мәлімет келтірді:

"Бүгінгі күні 2016 жылдан бері құрылған кооперативтерді есепке алғанда жыл басынан бастап 25000 тоннадан астам сүт (сүт дайындау қуаты 75000 тоннаға артты) және 8000 тонна ет (мал сою қуаты 35000 тонна артты) дайындалды, сондай-ақ 600 тонна жеміс-көкөніс өнімін дайындайтын инфрақұрылым жасалды".

Табысты жұмыстың тағы бір сандық көрсеткіші – жаңа жұмыс орындарының құрылуы. Ауыл шаруашылығы министрлігінің мәліметіне сәйкес, 6000-нан астам жұмыс орны ашылған. Десе де бұл жерде жоғарытехнологиялық жұмыс орындары туралы, емес жеке шаруашылықтарды жеке кәсіпкер ретінде заңдастыру сөз болып отыр. "Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ-ның басқарма төрағасы Жандар Омаров ашылған жұмыс орындарының сапасын былайша түсіндіріп берді: "Бізге қарыз алуға келгенде олардың үй шаруашылығымен айналысатын адам екенін естен шығармау керек. Бұл адамдар статистика бойынша өзін-өзі жұмыспен қамтыған немесе жұмыссыздар қатарына жатқызылған, осындай бағдарламалардың есебінен біз оларға ақша табуға мүмкіндік береміз. Бұл үй шаруашылығы, ауылдағы кез келген тұрғын өз шаруашылығын жүргізіп отыр. Енді олардың бізге келіп, несие алу мүмкіндігі бар. Бұл несие сомасы шамамен үш млн теңгені құрайды. Бұл ақшаға 15-20 бұқа сатып алады, оны бордақылап, сатады да осының есебінен табыс табады. Бұл шаруашылықтың қарапайым түрі".

Бүгінгі таңда ауылшаруашылық кооперацияларын қолдауға және өнімді жұмыспен қамтуды дамытуға бөлінген 41 млрд теңгенің 27 млрд теңгесін қор 6500 борышкерге несие ретінде берген.

Жалпы, бүгінгі күні елдегі ауылшаруашылық кооперациясының даму жылдамдығы туралы айтқанда әзірге тек сандық көрсеткіштерге ғана сүйене алатынымызды түсіну керек. Салалық министрліктің болжамына сүйенсек, сапа жыл соңына қарай анықталады: жоспарға сәйкес, сүт өңдейтін кәсіпорындардың жұмысы 60%-дан 70%-ға, ет өңдейтін кәсіпорындардың жұмысы 55%-дан 65%-ға артуға тиіс.

Әйгерім Сүлейменова, Ирина Севостьянова

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу