Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды

171

Отандасымыз 88 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғады.

Ауыр атлет Нұржан Жұмабай рекорд жаңартып, жасөспірімдер арасында әлем чемпионы атанды Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Нұржан Жұмабай Калиде (Колумбия) өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында топ жарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Нұржан Жұмабай қоссайыс қорытындысы бойынша 348 (155+193) келіні еңсерді. Сондай-ақ серпе көтеруде әлем рекордын жаңартты.

Күміс медальді Эрик Гуадамуд (Испания) жеңіп алды – 344 (156+188) келі. Ал Хосе Мантилья (Мексика) үздік үштікті түйіндеді – 335 (151+184) келі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу