Артем 102 келі салмақта сынға түсіп, қоссайыста 400 (170+230) келіні көтерді. Нәтижесінде, жеңіс тұғырына көтерілді.
Жаһандық додаға еліміздің атынан 15 қазақстандық зілтемірші барды.
Жарыста ерлер құрамасында Ақмолда Сайрамкез (67 келі), Александр Уваров (81 келі), Алексей Чуркин (81 келі), Денис Уланов (89 келі), Денис Полубояринов (89 келі), Кириил Староверкин (96 келі), Нұрғиса Әділетұлы (96 келі), Артем Антропов (102 келі), Андас Самарқанов (109 келі) пен Мейрам Сұлтан (109 келі) сайысқа түсті.
Бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы чемпион атанса, Алексей Чуркин күміс жүлдегер болды. Ал, әйелдер құрамасында Карина Горичева (64 келі), Арай Нұрлыбекова (71 келі), Аянат Жұмағали (76 келі), Айша Омарова (76 келі) және Любовь Ковальчук (+87 келі) жүлделерді сарапқа салды.