Ауыр атлетика федерациясы Ниджат Рахимовқа қатысты мәлімдеме жасады

1794

Ауыр атлетші сегіз жылға спорттан шеттетіліп, алтын жүлдесінен айырылды. Осыған байланысты еліміздің ауыр атлетика федерациясы ресми мәлімдеме жасады.

Ауыр атлетика федерациясы Ниджат Рахимовқа қатысты мәлімдеме жасады

"2022 жылғы 22 наурызда спорт төрелік сотының (CAS) допингке қарсы департаменті 2021 жылғы тамызда өткен тыңдау қорытындысы бойынша қазақстандық спортшы Ниджат Рахимовтың допинг мәселесіне қатысты ісі  туралы шешім шығарды.

Осы шешіммен ауыр атлет Ниджат Рахимов тыйым салынған әдісті қолданғаны үшін кінәлі деп танылып, 2021 жылғы 18 қаңтардан бастап сегіз жылға шеттетілді, 2016 жылғы 15 наурыздан бастап спорттық нәтижелердің күші жойылды (алғашқы "даулы" сынаманы алу күнінен бастап)" - деп жазды ҚР ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметі.

Сонымен қатар ауыр атлетика федерациясының бас хатшысы Алдияр Нұралинов Ниджат Рахимовқа федерация допингке қарсы департаменттің шешімін аппеляциялауға көмек көрсетуге дайын екенін мәлімдеді.

"Әрине, мұндай шешім біз үшін күтпеген жағдай болды. Өйткені тыңдау барысында Н. Рахимовтың адвокаттарының дәлелдері сенімді болды  және тыңдау сәтінен бастап, бұл алты айдан астам уақыт, спортшының атына да, федерацияға да қосымша сұраулар мен түсініктемелер түскен жоқ.

Айта кету керек, бұл үкім бірінші инстанцияның шешімі болып табылады. Тыңдау бір төрешінің қатысуымен CAS допингке қарсы департаменті деңгейінде өтті. ҚР ААФ допингтің кез келген көрінісіне мүлдем төзбеушілік қағидатын ұстанады. Алайда бұл жағдайда халықаралық федерация мен сол кезде допинг бақылауды жүзеге асырған органдарға да қатысты бірқатар сұрақтар бар.

Федерация CAS допингке қарсы департаментінің шешімін аппеляциялауға және біздің спортшымызды қолдауға одан әрі көмек көрсетуге дайын, - деді Алдияр Нұралинов.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу