Ауыр атлетика. Токиоға жолдама алуға басты үміткерлер кімдер?

2345

Бақыт Ахметов шәкірттері бір жылдан кейін алғаш рет оффлайн форматта өтетін турнирге қатысады.

Ауыр атлетика. Токиоға жолдама алуға басты үміткерлер кімдер?

17-25 сәуір аралығында Ташкент қаласында ауыр атлетикадан Азия чемпионаты өтеді. Бұл турнир лицензияланған болып табылады және алдағы Олимпиада ойындарына іріктеу шеңберінде қажетті рейтингтік ұпайларды жинауға мүмкіндік береді.

Аталған турнирге байланысты ауыр атлетикадан ҚР ҰҚК бас бапкері Бақыт Ахметов ауыр атлетика федерациясының баспасөз қызметіне сұхбат беріп, Токиода өтетін Олимпиада ойындарына қатысуы мүмкін басты үміткерлердің есімдерін атады.

"Дайындық бекітілген жоспарға сәйкес қарқынды жүріп жатыр. Құрама Ташкентке ұшуға дейін, Алматы облысындағы оқу-жаттығу жиынында болады. Алдағы Азия чемпионатына спортшылар тізіміне үздік атлеттер енді. Олар оны өткен ел біріншілігінде растады. Көбінің халықаралық жарыстарда өнер көрсету тәжірибесі бар. Бірақ бұл бірінші тәжірибесі барлар да бар – бұл Омарова Аиша (Қарағанды), Дроздов Алексей (Алматы облысы) және Уваров Александр (Шымкент).

Құрама да, жаттықтырушылар құрамы да бұл бастаманы асыға күтуде. Өйткені бұл бір жылдан кейінгі алғашқы оффлайн турнир болып табылады. Біз бәсекелестік атмосфераны қатты сағындық. Оны ешқандай қашықтық форматтағы жарыс алмастыра алмайды. Балалар байсалды, өздерінің ең жақсы нәтижелерін көрсетуге тырысады. Бірақ біздің мақсатымыз – 2021 Олимпиадасына лицензия алу екенін ұмытпаған жөн.

Токиоға жолдама алуға негізгі үміткерлер - әйелдер арасынан Зульфия Чиншанло мен Раушан Мешітханова, ерлер арасынан Ибрагим Берсанов пен Игорь Сон. Маусым айында біліктілік кезеңі аяқталғаннан кейін, кімнің олимпиадаға баратынын білеміз", - деді Бақыт Ахметов.

Ал Ташкентте өтетін Чемпионатта Қазақстан намысын 17 спортшы қорғайды. Олар Аблай Әуелханов (55 кг), Арли Чонтей (55 кг), Игорь Сон (61 кг), Алексей Дроздов (61 кг), Сайрамкез Ақмолда (67 кг), Александр Уваров (81 кг), Нұрғиса Әділетұлы (89 кг), Артем Антропов (102 кг), Рахат Бекболат (102 кг), Ибрагим Берсанов (109 кг), Зульфия Чиншанло (55 кг), Гүлнұр Ыбрай (64 кг), Екатерина Быкова (71 кг), Аиша Омарова (71 кг), Карина Кузганбаева (81 кг), Раушан Мешітханова (87 кг), Айзада Муптілда (87+ кг).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу