27 қазан мен 8 қараша аралығында Қытайдың Нинбо қаласында ауыр атлетикадан ересектер арасындағы әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Байрақты бәсеке 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеудің алғашқы ресми кезеңі саналады. Биылғы әлем чемпионаты жаңартылған салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылады.
Қазақстан құрамасы сапында төрт ер және үш әйел спортшы өнер көрсетеді.
Ерлер арасында:
75 келіге дейін – Петр Хребтов;
85 келіге дейін – Едіге Емберді, Алексей Чуркин;
95 келіге дейін – Нұрғиса Әділетұлы;
110 келіге дейін – Артем Антропов.
Әйелдер арасында:
77 келіге дейін – Аянат Жұмағали;
86 келіден жоғары – Любовь Ковальчук.