Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны үш медальмен толықты

519

Перу астанасы Лимада өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде үш спортшымыз жүлдеге ие болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржыны үш медальмен толықты Фото: prosports.kz

Қазақстан командасының өкілі Нұрдос Сабыр 89 келіге дейінгі салмақта үздік атанды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 333 (148+185) келіні еңсерді. Ал, күміс медальді Валерик Мовсесян (Армения), қоланы Бекзод Гофиржанов иеленді. 

Айта кетелік, былтырғы әлем біріншілігінде Нұрдос Сабыр екінші орынға тұрақтаған еді.

Сондай-ақ қыздар арасында 76 келіге дейінгі салмақта бақ сынаған Аянат Жұмағали әлем чемпионы болды. Қоссайыс қорытындысы бойынша 222 келіні бағындырған Аянат қарсыластарынан әлдеқайда жақсы нәтиже көрсетті. 

Күміс медальді финляндиялық Мини Хормавирта (211 келі), қоланы үндістандық Санжана (210 келі) иеленді.

Сонымен қатар қыздар арасында 81 келіде бақ сынаған Сәния Орманбаева екі сайыс қорытындысы бойынша 201 келіні еңсеріп, қола жүлдеге қол созды. 

Бұған дейін Перудегі әлем чемпионатында Ақжол Құрманбек 67 келіге дейінгі салмақта күміс медаль жеңіп алған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу