Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

1374

Ел чемпионаты 24-сәуірге дейін өтеді. Оған дейін неше түрлі қызықты нәтижелер тіркелетінге ұқсайды. Қазақстан чемпионатында жыл сайын бір сенсация болып тұратыны әдетке айналғалы қашан!

Ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионатының алғашқы жеңімпаздары белгілі болды

Қызылорда ("Еуразия" СК) ауыр атлетикадан ерлер мен әйелдер арасындағы жекелеген жаттығулардағы  Қазақстан Республикасының чемпионаты басталды. Алты жарыс күні ішінде еліміздің барлық өңірлерінен келген спортшылар 20 салмақ дәрежесінде мықтыларды анықтауда.

Ел чемпионатының бірінші күнінде әйелдер арасында екі, ерлер арасында бір салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар анықталды. Ерлер арасындағы жарыста (55 келіге дейін) шымкенттік Арли Чонтей жалпы 236 келіні (жұлқа көтеруде 109 келі, серпе көтеруде 127 келі) бағындырып, Қазақстан чемпионы атанды. Алматы облысынан келген Анатолий Грубов – 235 келіні бағындырып (110+125) екінші, ал Шығыс Қазақстан облысынан келген Ерназ Алпысов – 225 келі (102+123) көтеріп, үшінші орынға табан тіреді.

Әйелдер арасындағы жарыста (45 келіге дейін) Шығыс Қазақстан облысынан келген Александра Беленко жеңімпаз атанды. Ол жалпы есепте 135 келіні (59+76) көтерді. Жамбыл облысынан келген Айнұр Әбдіхалықова 131 келі көрсеткішімен (59+72) екінші орын алса, Алматы облысынан келген Альфия Гарифуллина (130 келі, 57+73) қола жүлдегер атанды.

49 келіге дейінгі әйелдер арасындағы бәсекеде Қазақстан чемпионатының алтын медалін Қарағанды ​​облысынан келген Дарья Балабанюк жеңіп алды. Оның көрсеткіші 153 келі (70+83) болды. Айым Мұхаметжанова екінші – 135 келі (60+75), ал Салтанат Қыпшақбай үшінші орын иеленді. Ол 107 келіні бағындырды (48 + 59).

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу