"Ауру тез таралады" – депутат АИТВ диагностикасын жекеге беруге қарсы

3213

Сенатор Ақмарал Әлназарова АИТВ-жұқпасына диагностика жасауды жекеге беруді "әлі ерте" деп санайды.  

"Ауру тез таралады" – депутат АИТВ диагностикасын жекеге беруге қарсы

"Бәсекелестікті қорғау мен дамытудың 2026 жылға дейінгі жаңа тұжырымдамасына сәйкес, АИТВ инфекциясына диагностика жасауды жеке медициналық орталықтар мен зертханаларға берілуі тиіс. Алайда бұл болашақта елдегі АИТВ-мен ауру жағдайын нашарлататын бірқатар проблемаларға алып келетін болады", – деді депутат.

Тұжырымдама АИТВ диагностикасының бірінші кезеңінің ғана бәсекелес ортаға берілуін көздейді. Депутат талдау нәтижесі оң болған жағдайда, бұл берілу жолдары мен факторларын анықтау, байланыс жасаушыларды іздеу және зерттеу жөніндегі дәйекті тізбектің бұзылуына әкеледі деп санайды.

"Бұрын Қазақстанда жыныстық жолмен берілетін инфекциялар мен гепатиттерге зерттеу жүргізуді бәсекелестік ортаға беру тәжірибесі болған. Нәтижесінде, біз осы аурулардың таралуын бақылауды жоғалтып алдық. Бүгінгі таңда елде олар бойынша нақты статистика жоқ және тиісінше осы инфекцияларға жауап беру бағдарламасы жоқ", – деді Әлназарова.

Депутат халықаралық тәжірибеде осыған ұқсас келеңсіз деректер болғанын атап өтті. Оның айтуынша, көрші Ресейде де АИТВ зерттеуінің 1 кезеңі бәсекелестік ортаға берілгеннен кейін, бұл аурудың "тез таралуына" әкеліп соққан. Нәтижесінде олар бірнеше рет АИТВ-инфекциясының диагностикасын мемлекеттік медициналық мекемелерге қайтаруға "мәжбүр" болған.

Сенатор осыған орай министрлер кабинетінің басшысы Әлихан Смайыловқа жолдаған сауалында АИТВ-инфекциясына диагностика жасауды тиісті жүйелі дайындықсыз және мәселені мұқият зерттемей тұрып бәсекелестік ортасына бермеуді өтінді.

Жасын Қалибек​

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу