Австралияның көмір өндірісі қоршаған ортаға қауіп төндіруде

4972

Ауаға шығарылып жатқан парниктік газдардың 1,2 пайызы Австралияның үлесіне тиесілі.

Австралияның көмір өндірісі қоршаған ортаға қауіп төндіруде

Австралияның қарқынды дамып жатқан көмір өндірісінің қоршаған ортаға әкелетін зияны артты. Bloomberg агенттігінің дерегі бойынша, мемлекет ауаға шығарылатын көмірқышқыл газының мөлшері бойынша әлемде үшінші орында. Тізімнің басында ірі мұнай алпауыттары Ресей мен Сауд Арабиясы тұр. Австралия сонымен қатар ірі газ экспорттаушысы. Австралиялық институттың баяндамасы бойынша, мемлекет газды Жапония, Қытай және Оңтүстік Корея елдеріне жеткізеді.

Құжатта кен жанармайының экспорты мен оны жабдықтау инфрақұрылымы ауаға шығарылатын көмірқышқыл газын азайтуда шешуші рөл атқарады. Дегенмен климат өзгерісі саясатында бұған жете мән беріліп жатпағаны атап өтілді.

"Австралияның көміртегіні шектеу саясаты арқылы климат дағдарысымен күресуге мүмкіндігі бар және ол солай жасауға міндетті. Билік жаңа көмір шахталарына мораторий жариялауы керек",– делінген баяндамада.

Ресми дерек бойынша, жалпы ауаға шығарылып жатқан парниктік газдардың 1,2 пайызы Австралияның үлесіне тиесілі. Өйткені соңғы жылдары елдің газды экспорттау қарқыны өсіп келеді. Оның үстіне көмір өндірісі елді жарықпен қамтамасыз етіп отырған негізгі шикізаттардың бірі.

"Елдің премьер-министрі Скотт Моррисон Австралия көмірқышқыл газын ауаға шығаруды қысқартуды 2030 жылға дейін орындайтынын бірнеше мәрте айтқан болатын. Бірақ оның бұған қатысты нақты саяси бағдарламасы жоқ, бекітілмеді", – дейді Bloomberg сарапшылары. Дегенмен Моррисон бастаған үкімет көмір өнеркәсібін қолдап отыр, тіпті алдағы уақытта ел аумағында жаңа шахталар ашуға рұқсат беруі мүмкін.

Өткен аптада Моррисонның үкіметі көршілес аралдардың көмірден біртіндеп бас тарту туралы ұсынысын қабылдамай тастаған еді.

"Жаһандық тұрғыдан Австралиядағы шикізат өндірісінен келетін зиян аз дейтіндер бар. Бірақ біз зерттеу барысында мүлдем басқа көрсеткіштерге қол жеткіздік. Австралиядан шығатын көмірқышқыл газының мөлшері қалыпты нормадан асып кетті", – дейді Австралиялық институттың климат және энергия бойынша өкілі Ричи Мерзиан.

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу