Автобусқа бала арбасымен мінуге тыйым салына ма? Көлік министрлігі жауап берді

182

Көлік министрлігі балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы тараған ақпаратқа қатысты түсініктеме берді.

Автобусқа бала арбасымен мінуге тыйым салына ма? Көлік министрлігі жауап берді Фото: Көлік министрлігі

Ведомствоның мәліметінше, қолданыстағы қағидалар ата-аналардың балалар коляскасымен қоғамдық көлікте жүруіне тыйым салмайды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес, автобус салоны шамадан тыс толған жағдайда, ата-анаға арналған бос орын болған кезде балалар коляскасын жиналған күйде алып жүру көзделген. Бұл ретте коляска жолаушылардың еркін қозғалуына кедергі келтірмеуі тиіс.

"Балалар коляскасымен автобустарға кіруге тыйым салынғаны туралы таралып жатқан мәлімдемелер шындыққа сәйкес келмейді. Аталған талап жолаушылардың, оның ішінде балалар мен оларды алып жүретін ата-аналардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ автобус салонындағы еркін өту жолын сақтауға бағытталған. Егер ата-анаға балалар коляскасын жинау қолайсыз болса, ол сапарын колясканы жайылған күйінде жалғастыра алады", – делінген хабарламада. 

Бұл ретте айыппұл салу, жолаушыны автобустан түсіру немесе өзге де санкциялар қолдану көзделмеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу