Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы ұсынылып, Аягөз ауданына қатысты алдағы бес жылға арналған жоспар барысы таныстырылды. Ол әлеуметтік қамтамасыз ету, аудандағы жолдарды жөндеу, мектептерге жөндеу жұмыстарын жүргізу және ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелеріне қатысты тыңғылықты жұмыс жоспары тізбектеліп ұсынылды.
– Сайлауға баратын әрбір азамат Nur Otan партиясының бағдарламасымен танысып, алдағы жоспарын біліп жатса, ортақ мақсатқа бірлесе жетеміз. Яғни сайлаушылар ұсыныстары қабылданып, бес жылдық жоспарға өзгерістермен енгізіледі, – деді депутаттыққа үміткер Кенжегүл Ғабдулина.
Кандидаттардың айтуы бойынша алдағы уақытта Аягөз қаласы мен аудандағы 49 ауыл толықтай жарықтандырылып, таза ауыз сумен қамтамасыз етіледі.
Мекеме қызметкерлері аудандағы интернет желісінің жылдамдығын арттыруға қатысты өз ұсыныстарын білдірді.
Nur Otan партиясының Шығыс Қазақстан облысы Сайлау қорының қаражатынан төленді.