"Аяғымыз болмаса да, жүрегімізде үміт бар"

3187

Екі аяғы жоқ ерлі-зайыптылар мемлекеттің көмегінсіз бау-бақша өсіріп, өз күндерін көруде.  

"Аяғымыз болмаса да, жүрегімізде үміт бар"

Қарағанды қаласынан 60 шақырым қашықтықта орналасқан Солтүстік-батыс ауылында Емельяновтар отбасы тұрып жатыр. Ерлі-зайыптылар әртүрлі жағдайға тап болып, екі аяқтарынан бірдей айрылған. Тағдырдың тауқыметіне тап болған Елена мен Игорь Қостанайдағы протез жасайтын зауытта танысыпты. Осылайша тағдыр табыстырған екі мүгедек жан, қалған өмірлерін бірге өткізуге шешім қабылдаған. Алғашқыда бір жыл бойы Қостанайдағы мүгедектер үйінде бірге тұрып, кейін ол жерден "мемлекетке масыл болмай, өз күнімізді көрейік" деген мақсатпен шығып кетеді. Ерлі- зайыптылар Еленаның туған жері Қарағандыға келген. Кеншілер қаласында пәтер алу қымбат болғандықтан, қалаға жақын маңда орналасқан Солтүстік батыс ауылында тұруды жөн көріпті. Бұл ауылдан өрттенген бір жер үйді  жинаған қаражаттарына сатып алған. Мүгедек жандар мемлекеттен жеңілдікпен берілетін үйден бас тартқандықтан, баспана кезегіне тұрмаған екен. Бүгінде Елена мен Игорь жазда үйлерінің жанындағы 8 соттық жерге бау-бақша  егіп, соның өнімдерін сатып күнелтуде. Қазіргі уақытта қалаға келіп, бақша өнімдерінен жасалған түрлі салаттармен жазда екен көкөністерін сатады.

"Қыс мезгіліне арнап жапқан әртүрлі салаттарымызды сатамыз, кейде адамдар мүгедектер арбасымен жүрген бізге күмәнмен қарап "мынаны сіздер жасадыңыздар ма" деп саудаласып бағаны түсірткісі келеді. Сондай кезде көңілімізге алып қаламыз. Жалпы мүгедектер үйінен кеткендегі мақсатымыз ел қатарлы еңбек етіп күн көре алатынымызды дәлелдегіміз келді. Мүгедектер үйі қарттар үшін жақсы жер, барлық жағдай бар", – дейді Елена Емельянова

Мүмкіндігі шектеулі жандар барлық жұмыстарын әлеуметтік желіге салып өзгелерге көрсетіп отырады. Еңбек сүйгіш жандардың әрекетіне тәнті болған жандар келіп көмектесіп тұрады. Жақында сондай бір қайырымды жан келіп Игорьдың қысқы киімдерін алып беріпті. Бұл отбасы жиған-тергендерін өрт кезінде бүлінген үйді қалпына келтіруге жұмсап жүр. Құрылыс материалдарын сатып алып үйді де өздері жөндейді. Мүгедектер арбасына таңылса да, армандарын аяқ асты етпеген жандар әлеуметтік желіге салған бейнежазбалары арқылы кез-келген қиын жағдайдан шығудың жолы бар екенін айтып отырады.

"Аяғымыз жоқ болса да, біздің жүрегімізде ертеңге деген сенім мен үміт бар. Біз әрбір атқан таңымыз үшін құдайға алғыс білдіреміз. Қандай қиын сәт болса да,  жабықпау керек,өмірді жақсы көрген дұрыс. Осылай жүргеніміздің өзі халықтың арқасы. Қанша дегенмен, мейірімді жандар көмек қолын созып жүреді", – дейді Игорь Емельянов.

47 жастағы Игорь Емельянов Қостанай қаласы жанындағы ауылда жұбайымен он жылдай бірге тұрған. Дәнекерлеуші болып еңбек етіп жүргенде аяғы күйіп жарақат алып жүріп қалған. Кейін дәрігерлер аяғын аман алып қала алмай, кесіп тастаған. Осыдан кейін оны жұбайы мүгедектер үйіне өткізген. Ал Елена жол апатына түсіп аяғынан айрылған. Игорь мен Елена кейде қаладағы қарттар үйіне қысқа деп жапқан салаттарын апарып, қарияларды бір қуантып тастайды. Жалпы ерлі-зайыптылар "қоғамдағы зұлымдықты міндетті түрде мейірім жеңеді" деп есептейді.

Арайлым Еркебаева

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу