Қазақ қызы әлемдік рейтингте 1-орынға көтерілді

Ол биылдың өзінде 4 ірі турнирге қатысып, бәрінде 100 пайыздық нәтиже көрсеткен.  

Қазақ қызы әлемдік рейтингте 1-орынға көтерілді Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Жаңа рейтингіні "Біріккен күрес әлемі" (UWW) жариялады, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Қазақстандық әйелдер күресінің үздігі саналатын Жәмила Бақбергенова осылайша әлемде де теңдесі жоқ балуан екенін дәлелдеп отыр. Ол рейтингте жапондық қарсыласын басып озған. 

Еске салайық, Бақбергенова жақында өткен Азия чемпионатында төртінші мәрте топ жарған еді. Ол осы жарыс нәтижесінде 10 мың ұпай еншілеп, Жапония өкілі, атақты Ами Ишиды артта қалдырды. 

Бұл – қазақтың талантты спортшысының жыл басынан бергі қатысқан төртінші бәсекесі. Таңғаларлығы, ол соңғы жарысында Азияның 4 дүркін чемпионы атанса, осы жылғы белдесуінің бәрінде қарсылас шақ келтірмеді. 

Қазіргі уақытта Жәмила Бақбергенованың қоржынында әлем чемпионатының 4 күмісі, 1 қоласы тұр. Сондай-ақ, жоғарыда жазған Азия чемпионатының 4 алтыны мен Азия ойындарының күміс медальін де еншілеген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу