Азамат Айтхожин Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалды

233

"Қазақстанның хоккей федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс республикалық конференциясының шешімімен Азамат Серікұлы Айтхожин Қазақстан хоккей федерациясының Бас директоры лауазымына сайланды.

Азамат Айтхожин Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалды Фото: icehockey.kz

Азамат Айтхожинның спорт саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол.

Ол бірқатар ұйымдар мен ведомстволарда шешуші қызметтер атқарды. Оның ішінде Астана қаласы туризм және спорт департаменті Дене шынықтыру және спорт басқармасының спорттық нысандар басшысы болып қызмет етті.

Әр жылдары "Астана" футбол клубын басқарған, сондай-ақ Қазақстан футбол федерациясының Вице-президенті, Атқарушы директоры және Бас хатшысы қызметтерін атқарды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу