Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында бүгін жарысты еркін күрес балуандары бастаған болатын. Алғашқы күні ел намысын қорғаған екі балуанымыз да жарысты аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Бүгін 86 келіге дейінгі салмақта Қазақстан командасының көшбасшысы Азамат Дәулетбеков Париж Олимпиадасының жұбаныш белдесуіне қатыса алмайтыны белгілі болды.
Себебі, отандасымызды бірінші белдесуінде ұтқан америкалық балуан Аарон Маркел Брукс финалға шыға алмады. Ол жартылай финалда Магомед Рамазановтан (Болгария) ұтылып қалды. Егер ол ақтық сынға шыққанда Дәулетбеков қола медальға таласу мүмкіндігіне ие болар еді.