Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев салтанатты ұлықтау рәсімінде айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz.
"Біз халықтың тілегі мен заман талабына сай тиімді мемлекет құруға міндеттіміз. Бұл – маңызды тарихи міндет. Мемлекеттік қызметке нақты сектордан меритократия және ашық бәсекелестік қағидаттарына сай іріктеуден өткен жаңа басқарушы азаматтарды аламыз", – деді ҚР Президенті.
Мемлекет басшысы Президенттік кадр резервінің мүшелерін белсенді түрде тартылатындығын да атап өтті.
"Біздің басты байлағымыз – адам. Сондықтан азаматтардың игілігі үшін барлық жағдайды жасау аса маңызды. Еліміз даму жолында, негізінен, өз күшіне сенеді. Сонымен қатар шетелден тікелей инвестиция тарта отырып, түрлі саладағы халықаралық ынтымақтастықты белсенді түрде дамытады", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.