Қазақстан құрамасы Финляндиядан минималды есеппен жеңілді

1401

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңі аясында бесінші ойынын өткізді. 

Қазақстан құрамасы Финляндиядан минималды есеппен жеңілді Фото: kff.kz

Қазақстан құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу аясында өткен ойында Финляндия құрамасынан өз алаңында есе жіберді. Ойындағы жалғыз гол 78-минутта соғылды. Жеңіс голының авторы Оливер Антман. Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Еуро-2024 іріктеу кезеңі аясында Финляндияға қарсы өткен ойыннан кейінгі баспасөз мәслихатында матч туралы ойын айтты.

"Ұтылдық - таблодағы нәтиже ойынға сай. Бірақ матч тең аяқталуға жақын еді. Олардың да өз мүмкіндіктері болды, бізде де болды. Ойын барысында ойын тең аяқталып қалады деген ой келді. Бірақ гол жіберіп алып, өз мүмкіндіктерімізді пайдалана алмадық.

Алаңның ортасында қарсыластан басым түсуді қаладық. Кейбір тұстар қолымыздан келді, кейбіреулері келмеді. Тактикалық тұрғыда финдерді жеңуге ниет болды. Өткен ойынды талдап, Солтүстік Ирландиямен болатын кездесуге жоспар құруымыз керек. Әрине, жеңілістен кейін өзгерістер енгіземіз.

Қарсыластардың бәрі мықты, бәрі ұпай жоғалтады. Әрине, біз жанкүйерлерді қуантқымыз келді, бүгін бізді қолдауға көптеген адамдар келді. Бірақ жеңілісті қабылдай білу керек. Әрине, бұны қабылдау қиын. Әсіресе мен, бас бапкер үшін", - деді Магомед Адиев.

Магомед Адиевтің шәкірттері келесі кездесуін 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландияға қарсы өткізеді. Ойын "Астана Арена" стадионында өтеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу