Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады

1582

Қазақстандық боксшы Адайбек Ниязбай Дубайда (БАӘ) жастар арасында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында екінші жеңісіне қол жеткізді.

Қазақстандық боксшылар Азия чемпионатын жеңіспен бастады

Ниязбай жасөспірімдер арасындағы турнирде (2005-2006) 54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші жекпе-жегін төрешілер шешімімен жеңсе, екінші кездесуінде мерзімінен бұрын жеңіске жетті. Алдымен ол сириялық Мұхаммедті екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта қазақстандық боксшының айқын басымдығынан соң төреші жекпе-жекті тоқтатты. Бұл Қазақстан жасөспірімдер құрамасының бүгінгі екінші нокауты. Бұған дейін 50 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Илья Калинин де ерте жеңіске жетті. Айта кетейік, Адайбек Ниязбай - Қазақстан чемпионы, сонымен қатар Сербияда өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы. Жасөспірімдер біріншілігімен қатар Дубайда 2003-2004 жылы туылған боксшылар сынайтын арасында да жарыстар өтіп жатыр.
Қазақстандық боксшы Бақтияр Анарбаев та Азия чемпионатын жеңіспен бастады. 57 келіге дейінгі салмақта Анарбаев Ирак өкілі Хусейн Джассимді екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

Сонымен қатар Мадияр Тайпақов алғашқы жекпе-жегін өткізді. Жасөспірімдер турнирінде (2005-2006 ж.т.) 60 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ол палестиналық Джадд Раджабовпен кездесіп, төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

Естеріңізге сала кетейік, биылғы ASBC құрлық біріншілігінде 51 жаңа жеңімпаздың есімін білетін боламыз (25 қыз бен 26 ұл). Бұл салмақ дәрежелерінің саны бойынша рекордтық көрсеткіш. Сайысқа ең көп делегат Қазақстан, Өзбекстан және Үндістан құрамаларынан келді. Турнир 30-тамызға дейін жалғасатын болады.

Ермұхамед Мәулен

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу