Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені белгілі болды

469

Құрылтайдың жалпы отырысы өтті. 

Қазақстанның сыртқы қарызы қанша екені белгілі болды Фото: Studio Good Time

Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Құрылтайдың жалпы отырысында еліміздің сыртқа қарызы қанша екенін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Қазір біздің сыртқы қарызымыз – 8,4 трлн теңге. Ол жалпы өнімге шаққанда 4,5 пайыз болады. Жалпы халықаралық деңгеймен салыстырғанда ол өте төмен деңгей деп есептеледі. 1 шілдедегі статистиканы алсақ, қазіргі уақытта тіпті мемлекеттің қарызы 20%-ға дейін азайды. Себебі біздің жалпы ішкі өніміміз өсіп жатыр", – деді Серік Жұманғарин Құрылтай депутатының сұрағына берген жауабында.

Оның айтуынша, бүкіл алынған қарыз бақылауда тұр.

"Қазіргі уақытта 1 шілдедегі жағдай бойынша үкіметтің қарызы жалпы ішкі өнімге шаққанда 20 пайызға, ал мемлекеттік қарыз ЖІӨ-ге шаққанда – 20,9%. Біздің индикатор бойынша 32 пайыздан аспауы керек. Сол себепті жағдай өте тұрақты. Біз әлемдегі мемлекеттік үкіметтік қарызы ең төмен мемлекеттердің қатарындамыз", – деді спикер тілшілердің сауалына берген жауабында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу