21 маусым күні Әзербайжан астанасы Бакуде өткен UFC on ABC 8 турнирінде ресейлік Тагир Уланбековпен айқасқан қазақстандық файтер Азат Мақсум (15-2) жеңіліске қарамастан бұл жекпе-жек үшін 28 мың АҚШ долларын, яғни шамамен 14,6 миллион теңге табыс тапқан.
Атап айтқанда, 24 мың доллар (12,5 миллион теңге) – октагонға шыққаны үшін төленсе, тағы 4 мың доллар (2,1 миллион теңге) – спонсорлық бонус ретінде берілген.
Айта кетейік, жекпе-жек төрешілер шешімімен ресейлік спортшының пайдасына аяқталған еді – 29-28, 30-27, 30-27.⠀
Дегенмен көрермендер бұл шешімге наразылық білдіріп, зал толығымен қарсы шықты, ал жанкүйерлер Азаттың жеңісін тартып алды деп есептейді. Бұл Мақсумның UFC-дегі екінші жеңілісі (15-2, UFC – 1-2). Уланбеков қатарынан төртінші рет жеңіске жетіп отыр (17-2, UFC – 6-1).