Әзербайжан, Армения және Ресей Қарабақ бойынша қандай келісімге келді

5836

Шамамен 50 күнге созылған қақтығыс аяқталды.

Әзербайжан, Армения және Ресей Қарабақ бойынша қандай келісімге келді

Ресей президенті Владимир Путин, Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев және Армения премьер-министрі Никол Пашинян Таулы Қарабақтағы әскери іс-қимылдарды тоқтату туралы келісімге келді.  

Тараптар мынадай мәміле жасасты:
– 10 қарашадан бастап аймақтағы қақтығыс толықтай тоқтатылады. Әзербайжан мен Армения әскерилері өз позицияларында қалады.
– Тараптар әскери тұтқындармен алмасады.
– Армения 15 қарашаға дейін Әзербайжанға Кельбаджар ауданын, 2020 жылдың 1 желтоқсанына дейін Лачинский ауданын қайтаруы тиіс, бірақ Лачинский дәлізін өзінде қалдырады (бұл Таулы Қарабақтың Армениямен байланысын қамтамасыз етеді). Сонымен қатар 20 қарашаға дейін Ереван Бакуға Агдамский және Газахский (бір бөлігін)  аудандарын тапсыруы тиіс. 
– Таулы Қарабақтағы шектесу сызығы мен Лачинский дәлізінің бойына ресейлік бітімгер әскерилері, яғни 90 бронетранспортеры, 380 көлік және арнайы техникасы, атыс қаруы бар 1960 әскери орналастырылады.
– Бітімгерлер армян әскері шығарылғаннан кейін 5 жылға орналастырылады. Егер тараптар келісімнен шықпаса, олар сол жерде тағы 5 жылға қалады.
– Келісімнің орындалуын бақылау үшін бітімгерлік орталығы ашылады.
– Алдағы 3 жылда Степанакерт пен Армения арасындағы байланысты қамтамасыз ететін Лачинский дәлізі бойынша жаңа қозғалыс маршрутын салу жоспары белгіленуі керек.Содан кейін осы маршрут бойына Ресейдің бітімгер әскерилерін көшіру керек. Әзербайжан осы дәліз бойындағы көлік қатынасының қауіпсіздігіне кепілдік беруі қажет.
– Жер аударған адамдар мен босқындар БҰҰ Босқындар істері жөніндегі Жоғарғы Комиссарының басқаруымен Таулы Қарабақ пен оған іргелес аудандарға оралуы керек.
– Аймақтағы барлық экономикалық және көлік байланыстары жандануы тиіс. Армения Әзербайжанның батыс аудандары мен Нахичеван автономиясы арасындағы көлік байланысын қамтамасыз етуге уәде берді.

Ресейлік шекарашылар осы байланысты бақылайтын болды. Бұдан бөлек Әзербайжанның негізгі аумағын Нахичеван автономиясымен байланыстыратын жаңа көлік байланысының құрылысы жоспарланып отыр.
Еске сала кетейік, Таулы Қарабақтағы қарулы қақтығыс 27 қыркүйекте басталған еді.Ресми Баку армяндар әзербайжандық позициялар мен елді мекендерге шабуылдады дегенді айтты. Ереван болса, Қарабаққа шабуылдаған әзербайжандықтар және Түркия Әзербайжанды жауынгерлермен қамтамасыз етті деп жариялады. 

Таулы Қарабақ 1991 жылы Әзербайжан Кеңес Социалистік Республикасынан тәуелсіз екенін жариялаған болатын. Сол кезде Ресми Баку бұл аймақты күшпен қайтармақ болды, бірақ оның арты соғысқа ұласып кеткен еді. 1992-1994 жылдары болған қақтығыста Әзербайжан Таулы Қарабақ пен оған жақын орналасқан жеті ауданнан айырылып қалған болатын.

1994 жылы Әзербайжан, Армения және Таулы Қарабақ республикасы Ресейдің араласуымен уақытша бітімге келген. Бірақ сол уақыттан бері бірнеше қақтығыс орын алды.

Табиғат Нұрболат


Atameken Business Telegram каналына жазылып, маңызды ақпараттардан бірінші болып құлағдар болыңыз!

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу