Әзербайжан Ресей мен Украинаға арағайын болуы мүмкін

112

Украина Президенті Владимир Зеленский Ресей мен АҚШ-тың қатысуымен үшжақты келіссөздер Әзербайжанда өтуі мүмкін екенін айтты, деп жазады inbusiness.kz сайты BBC басылымына сілтеме жасап.

Әзербайжан Ресей мен Украинаға арағайын болуы мүмкін Фото: rbc.ru

Оның айтуынша, бұған дейін мұндай форматтағы келіссөздер Түркияда және Швейцарияда өткен. 

"Егер Ресей дипломатияға дайын болса, келесі келіссөздер Әзербайжанда да өтуі мүмкін", – деді Зеленский.

Президент бұл туралы Әзербайжан басшысы Ильхам Алиев пен өткен бірлескен мәлімдеме барысында айтқан. Кездесуде Украинадағы соғысты бейбіт жолмен реттеу мәселесі талқыланған.

Сондай-ақ, тараптар түрлі салалар бойынша ынтымақтастықты көздейтін бірнеше құжатқа қол қойғаны хабарланды.

Бұл – Зеленскийдің Әзербайжанға жасаған алғашқы ресми сапары және екі президенттің жетінші кездесуі.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу