Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті

1455

Ханчжоуда өтіп жатқан Азия ойындарында стенд атудан Қазақстан әйелдер құрамасы алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

Қазақстан қоржынына алғашқы алтын медаль түсті Фото: Olympic.kz

Скит бойынша топтық сайыста Зоя Кравченко, Әсем Орынбай және Ольга Панарина жеңіске жетті. Біздің спортшылар Азия ойындарында да рекорд орнатты.

Қазақстан командасы Ханчжоуда өткен XIX Азия ойындарында алғашқы алтын медаль жеңіп алды. Стенд атудан скит бағдарламасы бойынша сынға түскен әйелдер құрамасы Әсем Орынбай, Зоя Кравченко, Ольга Панарина чемпион атанды.

Айта кетейік, отандық мергендер бірінші орынға ие болып қана қоймай, жалпы 350 балл жинап, Азиада рекордын орнатты. Олар Қытай (348 ұпай) және Таиланд (342 ұпай) командаларынан озып кетті.

"Қыздарды осы тарихи жеңіспен құттықтаймын! Алтын медальдан басқа, біздің спортшылар да жаңадан жарыс рекордын орнатты, бұл жеңісті одан да әсерлі етеді. Естеріңізге сала кетейін, Алматы облысында стенд атудан Әлем Кубогында біздің құрама бірінші жалпы командалық орынға ие болған. Бүгін бүкіл Азия бұл табыстың кездейсоқ емес екенін түсінді", - деді Туризм және спорт министрі Ермек Маржықпаев.

Айта кетейік, қазір Қазақстанның қоржынында 10 медаль бар.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу