Сүйінші! Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті

235

Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарының алғашқы алтын медаль иегері анықталды, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Сүйінші! Азия ойындарында Қазақстан қоржынына алғашқы жүлде түсті Фото: Туризм және спорт министрлігі

Шорт-тректен 2000 метрге сырғанаудан аралас командалық эстафета қатысушылары Харбин қысқы Азия ойындарының алғашқы жүлдегерлері атанды.

Финалда Корея, Қытай, Жапония және Қазақстан құрамасы өнер көрсетті. Қазақстан құрамасы сапында Денис Никиша, Әділ Ғалиахметов, Яна Хан және Малика Ермек алаңға шықты.

Жарыс кезінде отандастарымыз шеберлік байқатып, үшінші орынды сақтады. Алайда, соңғы сәтте көш басындағы Қытай спортшысы жарыс жолынан шығып қалып, Корея командасы чемпион атанды. Ал Қазақстан құрамасы мәреге екінші болып жетті.

Қорытынды нәтиже:

1. Корея (2 минут 41.534 секунд)

2. Қазақстан (2 минут 42.258 секунд)

3. Жапония (2 минут 44.058 секунд)

4. Қытай (2 минут 59.057 секунд)

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу