Азиада. Екінші күміс қоржында

987

Ханчжоуда (Қытай) өтіп жатқан Азия ойындарында нысана көздеуден Қазақстан ерлер құрамасы күміс медаль жеңіп алды.

Азиада. Екінші күміс қоржында Фото: olympic.kz

10 метр қашықтықтан қозғалыстағы нысананы дәл көздеуде Бахтияр Ибраев, Андрей Худяков пен Асадбек Назиркуляев үздіктер қатарынан табылып, командалық есепте жеңіс тұғырының екінші сатысына көтерілді. Алтынды Оңтүстік Корея елінің спортшылары еншілесе, қолаға Индонезия елінің мергендері қол жеткізді. 

Бұл Қазақстан құрамасы қоржынына түскен екінші күміс медаль. Бұған дейін дзюдошы Әбиба Әбужақынова екінші орын алған болатын.

Айта кетейік, әзірге спортшыларымыз барлығы жеті жүлде иеленді. Дзюдошылар Мағжан Шамшадин, Абылайхан Жұбаназар, Есмиггүл Куюлова, сондай-ақ мергендер Никита Чирюкин және аралас командалар арасындағы бәсекеде Александра Ле  мен Ислам Сәтбаевпен бірге жеңіс тұғырының үшінші сатысына көтерілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу