Азим Ниязов Пәкістандағы таеквондо турнирінде қола медаль жеңіп алды

237

Ел құрамасының қоржынында үш қола медаль бар.  

Азим Ниязов Пәкістандағы таеквондо турнирінде қола медаль жеңіп алды Фото: olympic.kz

Қазақстандық таеквондошы Азим Ниязов Пәкістанның Лахор қаласында өтіп жатқан President Cup халықаралық турнирінде қола жүлдегер атанды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Спортшы ерлер арасындағы 63 келіге дейінгі салмақта үздіктер қатарынан көрініп, Қазақстан қоржынына кезекті медальді салды.

Осылайша, ел құрамасы турнирдегі үшінші жүлдесіне қол жеткізді. Бұған дейін Нұрай Бауыржанова мен Рита Бакишева 49 келіге дейінгі салмақта қола медаль жеңіп алған болатын.

Халықаралық турнир 20 тамызда мәресіне жетеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу