Нұрбек Оралбай өзіне тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға жауап берді

9273

Қыздар Нұрбекке сезімін білдіріп, видео түсіре бастаған. 

Нұрбек Оралбай өзіне тұрмысқа шыққысы келетін қыздарға жауап берді Фото: Халық үні

Бокстан Париж олимпиадасының күміс жүлдегері Нұрбек Оралбай өзіне тұрмысқа шыққысы келетін қазақстандық қыздарға қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Боксшы Олимпиаданың финалына шыққан соң әлеуметтік желіде бойжеткендердің Нұрбекке сезімін білдіріп жатқан видеосы трендке айналды. 

Астанаға оралған спортшыдан тілшілердің бірі: "Қыздар сізді "краш" деп атап, сізге тұрмысқа шыққысы келетінін" айтып жатыр. Бұған сіз қалай қарайсыз?" деп сұраған.

"Иә, көрдім. Әзірге үйленетін ойым жоқ. кейін көреміз", - деді спортшы.

Нұрбек – егіздің сыңары. Оның бауыры Айбек те бокспен айналысады, үйленген, екеуі де Париж олимпиадасында тұңғыш рет бақ сынады. Бірақ Айбек жүлдегерлер қатарына іліге алмады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу