Батуттағы гимнастикадан Гонконгта өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы екі медаль жеңіп алды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Әйелдер арасындағы жекелей секіру сайысында Виктория Бутолина қола жүлдеге ие болды.
Сондай-ақ ерлер арасындағы синхронды секіру бағдарламасында отандастарымыз сәтті өнер көрсетті. Никита Тумаков пен Ерлан Тасмағамбетов күміс медаль жеңіп алды.
Айта кетейік, отандастарымыздың қоржынында екі алтын, төрт күміс және төрт қола жүлде бар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу