Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде жүлдесіз қалды

142

Финалдық кезеңге ұлттық құраманың үш өкілі жолдама алғанымен, жүлдеге қол жеткізе алмады. 

Азия чемпионаты: Қазақстан құрамасы жарыстың алғашқы күнінде жүлдесіз қалды Фото: ҰОК

Қазақстан құрамасы дзюдодан Қытайдың Ордос қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатының алғашқы күнін аяқтады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Қола медаль үшін Шерзод Давлатов, Аман Бақытжан (60 келіге дейін) және Нұрқанат Серікбаев (66 келіге дейін) күресті.

ҚР ҰОК мәліметінше, Давлатов өзбекстандық Самариддин Кучкаровқа жол берді. Бақытжан моңғолиялық Туменаджаргал Тувшинтурға есе жіберді. Ал Серікбаев қытайлық Цзыян Сюуэйден жеңіліп қалды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу