Азия чемпионатында бес боксшы қызымыз алтынға таласады

362

Таиландтың Чиангмай қаласында бокстан өтіп жатқан Азия чемпионатында сейсенбі күні әйелдер арасында финалдық жекпе-жектер өтеді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Азия чемпионатында бес боксшы қызымыз алтынға таласады Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Виктория Графеева 60 келіге дейінгі салмақта қытайлық Цян Лимен бас жүлдені сарапқа салады.

Аида Әбікеева 63 келіге дейінгі салмақта Вьетнам өкілі Лин Хамен жұдырықтасады.

Наталья Богданова 70 келіге дейінгі салмақта шаршы алаң иесі Байсон Маниконмен шеберлік байқасады.

Гүлсая Ержан 81 келіге дейінгі салмақта украиналық Карине Айрапетянмен қолғап түйістіреді.

Аса ауыр салмақтағы жеребе бойынша бірден финалға өткен Елдана Талипованың қарсыласы өзбекстандық Олтиной Сотимбоева болмақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу