Ерлер арасындағы жекелей сында Евгений Федоров мәреге 49:46 секундта жетіп, чемпион атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.
Одан кейінгі сатыға тағы бір отандасымыз Дмитрий Груздев (50:20) жайғасты. Үшінші орында жапониялық Юкиа Арасиро (51:20) тұр.
"Азия чемпионатына дайындығым жақсы өтті. Осы аралықта жаттығу жиындарын өткізіп, бабымызға ендік. Ешкім де жарысқа жеңілемін деп келмейді. Бәрімізде де алтын алсақ деген арман бар. Бұл жетістігіме ата-ана, бапкерлерім де, туыстарым да қуанып жатыр", - деді Евгений Федоров.
U23 санатында қатысқан Ақпейіл Өсім 20 км қашықтықты 29:58 уақытта өтсе, ал ересектер арасында бақ сынаған Рината Сұлтанова 29:28 секундта бағындырды. Нәтижесінде бұрымдыларымыз қос қоланы қоржынға салды.