Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан күміс жүлде еншіледі

495

Кіл мықтылар жиналған бәсеке тартысты өтті.

Азия чемпионатында Ризабек Айтмұхан күміс жүлде еншіледі Фото: olympic.kz

Ризабек Айтмұхан Иордания астанасы Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында еркін күрестен күміс жүлдегер атанды, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Жартылай финалда ирандық Мохаммадмобин Азимимен белдескен отандасымыз қарсыласын тізе бүктіріп, 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Ризабек Айтмұхан финалда жапониялық Араш Ёшидамен кездесті. Өкінішке қарай, Жапон спортшысы қазақстандық спортшыдан айласын асырып, бәсі басым түсті.

Осылайша біздің балуан қарсыласына 1:7 есебімен жеңіліп, күміс медальді қанағат тұтты. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу